"Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен, "Олимп шыңына жетелеуші" атты дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагог-тәлімгерлердің "Жас дарын" атты облыстық жас күйшілер байқауы өтті.
Байқауда Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің домбыра класының "Жас өрен" триосы күй өнерінен жоғары шеберлік танытып, бас жүлде иегері атанды.
Жетекшісі: Тәжібай Ердаулет Нұрмұқанұлы
Сондай ақ, домбыра класының оқушысы Базарбай Жансая жүлделі дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Есенжолова Светлана Маратовна
Тулеубай Әміржан жүлделі дәрежелі дипломмен марапатталды.
Иван Ақжан сертификатпен;
Қанатов Нұрсұлтан сертификатпен;
"Еркем-ай" ансамблі сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: Айгабылова Нуркенже Досбергеновна
Жеңіске жеткен жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!