Шұбарқұдық балалар музыка мектебі "Жер сағаты" акциясын қолдайды.
Бір сағатқа жарықты сөндіру - жәй ғана әрекет емес, болашаққа деген үміттің, қоршаған ортаға деген құрметтің нышаны!
Жарықты сөндір- жерге үміт сыйла!
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық балалар музыка мектебі "Жер сағаты" акциясын қолдайды.
Бүгін бір сағатқа жарықты өшіріп, табиғатқа қамқорлық танытайық.
Бұл кішкентай әрекет, бірақ үлкен өзгерістердің бастауы!
Бұл барлығымыздың қолымыздан келетін қарапайым амал, бірақ маңызды қадам!
Ардақты ардагер ұстаздарымыз!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздық жолында сан жылдар бойы талай шәкіртке білім мен тәрбие беріп, өмірге бағыт-бағдар көрсеткен еңбектеріңіз – баға жетпес қазына. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз, парасат-пайымдарыңыз бен шәкірттерге деген шексіз қамқорлықтарыңыз әрдайым үлкен құрметке лайық.
Сіздер салған сара жол, берген тағылымды тәлім – бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағына негіз болып қала береді.
Осы мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жүректеріңізге шаттық пен қуаныш тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар!
Аяулы аналарымызға арналған мерекелік шарадағы жылы естеліктер
Жанды жадыратар шуақты көктемдегі ең тамаша нәзік жандыларымыздың мерекесі құтты болсын
ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ
Жарапазан - он екі айдың сұлтаны болған Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр.
Осы тұста Шұбарқұдық мектеп - гимназиясының ұжымы, ата - бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеп, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлап, "Жарапазан Жырын" айта келді.
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің мұғалімдері де ән-жырмен арнаулатқан жастарға әсемді әуезді әнін жолдады.
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында мектебіміздің өнерлі оқушылары аналар мен ұстаздарға арнап ерекше челлендж ұйымдастырды. Домбыра, баян, қобыз, фортепиано және вокал кластарының шәкірттері өз өнерлерін тарту етіп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Осы мерекелік құттықтауға музыка мектебінің ұстаздарыда аналар туралы әндерден попурри орындап, челленджге атсалысты.
Аяулы аналар мен ару ұстаздар! Сіздерді көктемнің ең нәзік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр шаңырақта шаттық, жүректеріңізде жылулық, өмірлеріңізде бақыт пен береке мол болсын!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
8 Наурыз- жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Ардақты аналар, аяулы арулар сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шексіз бақыт, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Біздің өнерлі қобызшы қыздарымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні құтты болсын
Көңілдеріңіз нұрға, жүректеріңіз жырға бөленсін!
Өнерлі оқушыларымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Атаулы мерекеміз әр шаңыраққа бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі керемет көңіл-күй мен шат күлкі алып келсін
Біздің өнерлі ұл - қыздарымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Сіздерді көктемнің ең тамаша мейрамы- Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Мереке баршаңызға бақыт пен махаббат сыйласын
Біздің фортепиано класындағы өнерлі оқушыларымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Құрметті арулар сіздерді 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз!
Әр күндеріңіз бақыт пен қуанышқа кенелсін!
Баян класының өнерлі оқушыларының мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Көгілдір көктемнің ең шуақты мерекесі- аналар мерекесі!
Жүректеріңіз жылулық пен махаббатқа толсын
Біздің өнерлі вокал тобының аруларынан кезекті мерекелік челленджді қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Сіздерді 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел- Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықыластың қайнары.
Фортепиано класының мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
8 Наурыз- жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні!
Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын!
Біздің өнерлі домбырашыларымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
АНА - ШЕКСІЗ МЕЙІРІМ ИЕСІ
Көктемнің ең әдемі мерекелерімен қатар келген наурыз – мейірім мен жаңарудың белгісі.
Барша аналарды, бүлдіршін қыздарымызды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, отбасы амандығын тілейміз.
Наурыздың берекесі әр шаңыраққа молшылық әкелсін.
Біздің өнерлі ұл - қыздарымыздың мерекелік челленджін қабыл алыңыздар!
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің оқушылары өрт сөндіру қызметінде болып, жұмыстың ішкі жүйесімен танысты.
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің оқушыларына дұрыс тамақтанудың жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанып, ағзаның қалыпты өсуі және дамуына қатысты видеоролик көрсетілді.
“Музыка-мейірім үні” шығармашылық және қайырымдылық концерті
Отбасы күні құтты болсын
Отбасы - қоғамның берік іргетасы, адам бойындағы ізгілік пен адамгершілік қасиеттердің бастауы. Әр шаңырақта сыйластық пен суйіспеншілік, татулық, пен түсіністік орнасын. Бұл мереке әрқайсымызға ата-ананы құрметтеуді, ұрпақты тәрбиелеуді, ұлт болашағы үшін отбасы құндылықтарын
сақтаудың, маңыздылығын тағы да еске
салады.
Отбасыларыңызға амандык, дендеріңізге саулық, үйлеріңізге бақ пен береке тілейміз!
Отбасы – адамзат өміріндегі ең қастерлі ұғымдардың бірі. Әрбір шаңырақтың шаттығы мен берекесі – елдің дамуы мен мемлекет тұрақтылығының кепілі. Сондықтан да отбасы құндылықтарын дәріптеу – баршамыздың қасиетті парызымыз.
Бұл мереке – ата-бабамыздан аманат болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлердің, сыйластық пен ізгіліктің, адалдық пен мейірімнің жалғасы іспеттес. Өйткені отбасы – ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі, адам бойындағы асыл қасиеттердің алғашқы мектебі.
Осы игі мереке қарсаңында барша отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, мол шаттық тілейміз. Әр шаңырақтан күлкі мен қуаныш, мейірім мен махаббат ешқашан арылмасын.
Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, босағаларыңыз берік болсын!
Өнер арқылы ұрпақ тәрбиелеу – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі.
Сондықтан өнерлі отбасы – бірліктің, мәдениеттің және рухани байлықтың жарқын көрінісі.
Отбасы – қоғамның іргетасы, ұлттың тірегі.Отбасы – бізді әрқашан қолдайтын, қуанышымызды еселейтін, қиындықта демеу болатын ең қымбат қазына.
Отбасы күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Әр шаңырақта ырыс пен ынтымақ, махаббат пен мейірім орнасын
*Біз – түріміз басқа, тілегіміз бір халықпыз.*
Қазақ елінің ең басты байлығы – ұлттар арасындағы татулық пен достық.
1 мамыр – бейбіт өмірдің, ынтымақ пен бірліктің мейрамы!
*Берекелі болашақ – бірлікте!*
ӘЛИЯ ЕРЛІГІ — ӨШПЕС ТАРИХ
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
Биыл Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толып отыр.
Ұлы Отан соғысының от-жалынында небәрі 19 жасында Отан үшін от кешкен Әлияның ерлігі — ел тарихындағы ең жарқын әрі ең қастерлі беттердің бірі.
Қазақ халқының атын әлемге танытқан Әлия — қайсарлықтың, ержүректіліктің, отансүйгіштіктің символына айналды. Оның жастық жігері мен өр рухы, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі және келер ұрпаққа мәңгілік өнеге. Әлия соғыстың ең қиын сәттерінде қайсарлық көрсетіп, алғы шепте шайқасты.
Оның қысқа ғұмыры мәңгілік ерліктің үлгісі болды. Әлияның есімі мектептерге, көшелерге берілді, ескерткіштер орнатылды, ол туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсірілді. Әлия — бүгінгі бейбіт өміріміздің бірден-бір кепілі болған Ұлы Жеңістің символы.
Бүгінгі ұрпақ үшін Әлияның рухы — рухани биіктің белгісі. Оның өшпес ерлігі бізге әрдайым жігер береді, Отанға деген сүйіспеншіліктің қадірін ұқтырады.
Әлия — мәңгі жасайтын ерліктің бейнесі!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біз Әлия Молдағұлованың ерлігін ерекше құрметпен еске аламыз.
Жас ұрпақ оның өнегелі жолын, батырлық рухын әрдайым мақтаныш етеді.