Айналамызды таза ұстау, қоршаған ортаны ластамау - әрбір азаматтың міндеті. Жыл сайын ұйымдастырылатын “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында мектебіміздің қызметкерлері аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында санитарлық тазалық және абаттандыру қағидалары бойынша әзірленген жадынамалар тарату жұмыстарын жүргізді.
Табиғатты аялау - келешекке жасалған қамқорлық!
Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!