Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Әдісбірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруымен жас мамандар арасындағы мектепшілік «Үздік жас маман - 2025» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Талантты жас педагогтерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру; жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін ізденуге ынталандыру; жас педагогтардың кәсіби қарым - қатынасты, тәжірибесі мен ой өрісі саласын кеңейту, қазіргі жас педагог туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру.
Байқауда қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынасты:
➢ 1 - кезең. ”Менің педагогикалық келбетім” таныстыру бөлімі;
➢ 2 - кезең. “Өнерлінің өрісі кең” шығармашылық кезең;
➢ 3 - кезең. “Музыкалық озық іс” Бір әдіс - тәсіл көрсету;
➢ 4 - кезең. “Әуенді аяқтау”.
Нәтижесінде:
Бас жүлде - Тәжібай Ердәулет Нұрмұқанұлы;
І - орын - Қартбаева Ұлданай Мерхатқызы;
І - орын - Жұмабаева Индира Айбатқызы;
ІІ - орын - Саламатов Оралбек Рахметоллаұлы;
ІІІ - орын - Сарсенова Ақерке Мұхамбеттұрсынқызы;
ІІІ - орын - Сәбит Саттар Абайұлы.