Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
Шараның мақсаты – ұлт бірлігінің басты діңгегі болып табылатын тілімізді қастерлеу, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен рухани құндылықтарды дарыту.
•Бүгін мектебімізде “Тілдер мерекесіне” орай ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылармен бірге викториналық сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойындар ойналып, мереке туралы біршама ақпараттар білдік.
«Тіл – ұлттың жаны, халықтың қазынасы» екенін ұмытпай, баршамыз мемлекеттік тілді ардақтайық!
Өткізгендер: Қартбаева Ұлданай, Сарсенова Ақерке, Саламатов Оралбек