Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Тіл — ұлттың жаны

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Қазақстан халқының Тілдері күніне орай Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде «Тіл — ұлттың жаны» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: ана тілімізді құрметтеуге, өзге тілді сыйлауға, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Тағылымды тәрбие сағатына мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Есенжолова қатысып, оқушыларға тілімізді құрметтеп, тіл мәртебесін жоғары қойып, бағалау қажет екендігін жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, мектебіміздің терме класының мұғалімі Ж. Аяпов киелі домбырамен «Тілім менің» толғауын арнап, мектеп оқушылары өлең шумақтарын тарту етті.

Сондай-ақ, оқушылар тіл мәртебесімен ұштасқан достыққа, бауырмалдыққа шақыратын мультевидеоны тамашалап, өз ойларын ортаға салды.

Тәрбие сағатының соңында оқушылар «сиқырлы микрофонның» көмегімен қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұяшықтар таңдап, бүгінгі тағылымды сағат бойынша өз ойларын ортаға салды.

Тіл мәртебесі — ел мәртебесі!

Тіл тағдыры — ел тағдыры!

Тіл байлығы — әрбір елдің ұлт мақтанышы!