16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр қарсаңында, "Тарих толқынындағы туындылар" атты патриоттық кино апталығы негізінде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде білім алушыларға қазақ хандығының көркем туындысы бейнеленген "Көшпенділер" фильмі көрсетілді.
Басты мақсаты - оқушыларға сан ғасырлық қазақ тарихының өмірін, әдет - ғұрыпын, тұрмыс- тіршілігін таныстыру.
Тарихы мен өнері тоғысқан тарихи туындыларымыз ұлт болашағы үшін маңызы зор.