Мақсаты: Отанына деген мақтаныш сезім, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
«Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени — ағартушылық жобасы аясында І-тоқсан бойынша «Айтыс» өнерін насихаттау жобасы мектебімізде бастау алды. Алғашқы шара «Ақын болғым келеді...» тақырыбында ақындық қабілеті бар балаларды іріктеу мақсатында кастинг өткізілді. Шараға ауданымыздан республика көлеміне танымал айтыскер ақындар даярлаған ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Әділхан Темірхан қатысты. Іріктеу кезеңіне 26 оқушы қатысып, алдағы айтысқа қатысатын балалар іріктелді.
