Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қосымша білім беру педогтері мен оқушыларына арналған "Балаларға қосымша білім беру: жаңа бағыт, тынымсыз ізденіс, оң нәтижесі" тақырыбында қашықтықтан шебер- класс өткізілді. Шебер- класта Ақтөбе облысының қосымша білім беру педагогтері өздерінің әдіс-тәсілдерімен, пайдалы ақпараттарымен бөлісті. Қашықтықтан көрермен болған оқушыларымыз "Ұлттық музыкалық аспаптарды оқытудағы тәжірибелік әдіс-тәсілдер" бағыты бойынша көрсетілген жұмыстарды тамашалап, біраз мәліметтер алды.