Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары Темір аудандық мұражайына ерекше әсерге толы сапар жасап қайтты.
Мұражайдағы құнды экспонаттар мен тарихи деректер оқушылардың өнерге, тарихқа деген қызығушылығын арттырып, шабыт сыйлады.
Шара аясында Мұғалімдер ансамблі Ахмет Жұбановтың «Би» күйін шебер орындап, көрермендерді ұлттық әуенмен тербетсе, оқушылар хоры «Ақ көгершін» әнін нәзік те әсем орындап, залға ерекше жылылық сыйлады Бүгінгі күн — өнер мен руханиятты тоғыстырған жарқын сәттерге толы болды.
Жас өнерпаздарымыздың танымы кеңейіп, шығармашылыққа деген ынтасы одан әрі арта түсті.