Мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Темір ауданындағы психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» оқушылары мен ата-аналарына арналған «Алғыс анаға» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мектебіміздің өнерпаз оқушылары аналарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен алғысы ретінде ән шырқап, би билеп берді. Ана мен бала арасындағы байланыс өте терең, әрі мәңгілік. Олар бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың символы.
Ана — баласының жанашыры, отбасының тірегі, шаңырағының ұйытқысы.
Ардақты жандарға арналған концерт соңында келген қонақтарға «Темір ауданындағы психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» басшылығының міндетін атқарушы Атраубаева Эльвира Қожашқызы сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.