Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Мектебімізде қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ұлт руханиятының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі. Оның поэзиясы туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттық болмысқа, адамгершілікке толы. Ақынның өлеңдері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, себебі оның шығармаларынан халқымыздың рухани жан дүниесін, қазақ тілінің шынайы көркемдігін көруге болады. Оның жырлары әрбір қазақтың жүрегіне жақын, ал оның философиялық ойлары бүгінгі жас буын үшін де өмірлік бағдар.
«Мұқағали поэзиясы – қазақ халқының жан дүниесінің айнасы, ұлт болмысының көрінісі. Оның өлеңдері бізге өткенді еске салып қана қоймай, болашаққа жол сілтейді.
Бұл кеш тек ақын мұрасын еске алу ғана емес, оның шығармашылығы арқылы ұлттық идеология мен рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызы зор шара болды. Мұқағали жырларының өміршеңдігі – оның мәңгілік ғұмырының дәлелі.