Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Ә.Н.Бөкейхановтың 160 жылдығына орай, танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға қоғам қайраткерінің өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беріліп, ұлт- азаттық және "Алаш" қозғалысының жетекшісіне қатысты бірнеше сұрақтар қойылып, бейнеролик көрсетілді.
Ұлтына аянбай қызмет еткен Ә. Бөкейхановтың өскелең ұрпаққа қалдырған мол мұрасы мен ғибратты сөздері мәңгі есіміздe.