Мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, жеке баланың қабілеттілігін би өнері арқылы ашу, әсемдікті қабылдап сезіну және дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына ықпал тигізу.
Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдыретті өнер. Оқушылардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.
Қорыта келгенде би өнері оқушыныі эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру, өз халқының төл рухани мәдениетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз.
Өткізген: Дәуренбай Камшат Еркінқызы