Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің баян класының оқушысы Түгел Жарас Жандосұлы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында жетекшісі К. Табынбайұлымен біріге отырып, табиғатымыздың байлығы, керемет тіршілік иесі болған құстарымызға ұя жасады.
Мақсаты- құстарға қамқорлық танытып, шағын әрі қауіпсіз ұя жасау. Қоршаған ортаның гүлденуіне өз үлесін қосу.
Барша оқушыларды табиғатты аялап, құстарға қамқор болуға шақырамыз.
Табиғатты қорғау баршамыздың басты парызымыз!