Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған “Күй күмбірі” республикалық челленджі бастау алды!
Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған челлендж аясында сағат 11:00 - де еліміздің түкпір-түкпірінде домбыраның күмбірлеген үні естілді.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және домбыра өнерін насихаттау.
Челлендж барысында:
“Ақжелең” Қазанғап
“Балбырауын” Құрманғазы
“Ерке сылқым” Ә.Желдібаев
“Адай” Құрманғазы күйлері орындалды.
Ұлттық өнерді бірге дәріптейік!