Көңілді үзіліс
Ұлттық ойын- ұлт қазынасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” тақырыбы аясында оқушыларымызға Көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру.Ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.Шығармашылық, ізденімпаздық, ойлау қасиеттерін дамыту, шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуге қалыптастыру. Асық ойынын жоғары деңгейде меңгертіп, ойлау стилі мен рухани мәдениеті қалыптасқан, спорт саласында эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп, даярлау.
Асық ойыны - қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз.