Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Бүгінде қазақ халқы ұлы композитор, домбырашы, дирижер және өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиевтың 100 жылдығын атап өтуде. Нұр ағамыздың шығармашылығы қазақ өнерінде ойып тұрып орын алатын асыл мұрамыз. 
Нұрғиса Тілендиев қазақ сахнасына рухани жаңашылдық әкеліп, халық музыкасы мен заманауи үрдістерді үйлестіре білген бірден бір ұлы композитор.

Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде ұлы композитордың 100 жылдығына арналған "Қазақтың Нұр ағасы!" атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтың өмірі мен шығармашылығы оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, насихатталды.

Қазақ халқына өшпес із қалдырған, шығармашылығы әлі де халық жадында сақталған Нұр ағаның бейнесі, ғасырлар өтседе ұмытылмасы анық.