“СЫБАҒА” ұлттық дәстүрлері фестивалі аясындағы іс-шараға үн қосқан өнер!
“ДОМБЫРА ҮНІ - ҰЛТ РУХЫНЫҢ ҮНІ” ЧЕЛЛЕНДЖІ
Темір аудандық Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің шәкірттері мен ұстаздары көрерменге рух беретін, ұлттық мақтанышқа айналған Құрманғазының «Адай» күйін орындады.
Бұл өнер көрсетуіміздің мақсаты:
* ұлттық мұрамызды насихаттау,
* күй өнерінің тереңдігін жас ұрпаққа жеткізу,
* оқушылардың орындаушылық шеберлігін шыңдау,
* қазақтың дәстүрлі мәдениетін кеңінен таныту.
Ұлттық құндылықты бірге дәріптейік!