Фортепиано, қобыз, домбыра, баян, вокал класстарында «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста қозғалған мәселелер:
- «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша өскелең ұрпақтың бойына сапалы білім мен ұлттық тәрбиені қатар алып жүретіндей түсінік беріп, патриотизм, жауапкершілік, әділдік, ар-намыс, адалдық, кішіпейілдік сынды қасиеттерді бойына сіңіре отыра, жас шығармашыл азамат пен азаматшаларды тәрбиелеудің маңызы туралы айтылды.
- Қауіпсіздік ережелері. Ата-ана мен әрбір оқушы білуге тиісті қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.