17 Наурыз - Шаңырақ күні қарсаңында, Наурызнаманың онкүндігі аясында Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде оқушылармен "Берекелі шаңырақ" тақырыбында топтық сайыс өтті.
Сайыстың басты мақсаты - оқушыларға қазақтың салт - сана мен дәстүрін түсіндіріп, әдет - ғұрыпты сақтауға тәрбиелеу.
Сайыс барысында топтың жігіттері қол күресіп, оқушыларға ұлттық салт - дәстүр, жыл басы Наурыз мейрамына байланысты бірнеше сұрақтар қойылды.
Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы!