Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Алғысым шексіз!

Бүгін мектебімізде ата-аналарға деген ризашылық пен құрметке толы “Алғысым шексіз!” атты мерекелік концерт өтті!

Бұл шараның басты мақсаты – ата-аналардың өлшеусіз еңбегін бағалап, оларға жүрекжарды алғысымызды білдіру, балалардың сүйіспеншілігі мен құрметін көрсету.

Оқушыларымыз ата-аналарына ән арнап, жылы лебіздерімен гүл ұсынып, ерекше әсерлі сәттер сыйлады.

Мектеп басшысы С.С. Жетенов пен тәрбие ісінің орынбасары С.М. Есенжолова сөз сөйлеп, ата-аналарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мерекемен құттықтады.

Осындай жүрекке жылы шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеп, алғыс айтудың маңыздылығын арттыра түседі.