Мектебімізде наурыз мерекесінің мазмұнын байытып, жаңаша атап өту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мағыналы көрініспен бастау алған іс-шара оқушылардың өнерімен жалғасын тапты. Мерекелік шараға «Аманат» партиясының Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғалиев Азамат Жұбатқанұлы мен мектебімізден шыққан ұстаз, ауыл ақсақалы Рахметов Закария Забықұлы қатысып, ұлттық дәм наурыз көжеден ауыз тиіп, жас буын өкілдеріне тілектерін айтып, батасын берді.