Бүгін мектебімізде 30 - тамыз “Ата заң күніне” орай ашық тәрбие сағаты өтті.
Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз бар. Қаншама қиындық көрсе де, қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы қаншама өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.