«Адал азамат – зерделі ұлт – жауапты қоғам»
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде «Адал азамат – зерделі ұлт – жауапты қоғам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылармен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы, экомәдениет, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты таза ұстау мәселелері талқыланды.
Адалдық, жауапкершілік, заңға құрмет, экологиялық мәдениет пен отансүйгіштік – жас ұрпақтың бойында қалыптастыруды қажет ететін маңызды құндылықтар.
Таза орта – мәдениетті қоғамның белгісі.
Заңды білу – жауапты азаматтың міндеті.
Адал азамат – ел болашағының берік негізі!