Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

2025 жыл – жұмысшы мамандықтары жылы!

Бұл ерекше жылда, еңбек пен табандылықтың қадірін, оның шынайы бағасын түсіну өте маңызды. Әрбір күні тер төгіп, адал еңбек етіп жүрген барша адамға шексіз алғысымызды айтамыз!

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “ ҚАМҚОР” жобасы жоспарына сай мектебіміздің жас мамандары еңбек жолындағы азаматтарға АЛҒЫС КҮНІ қарсаңында өз ілтипаттарын білдірді.

Бізді алға жетелейтін күш – бұл еңбек! Жұмыстағы әрбір жетістік, әрбір қиындықты жеңу, тек қана қажырлы еңбектің, сенім мен адалдықтың нәтижесі. Бүгінгі күн – сол еңбектеріңізге деген құрмет пен алғысымыздың белгісі.

Қай салада еңбек етсеңіз де, сіздің еңбегіңіз – ұрпақтарға үлгі, қоғамға пайда. Әрбір сағат, әрбір минут, әрбір жұмыс сіздің жан дүниеңізді байытады, айналаңызға жарық сыйлайды.

Сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз, сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз бізге шабыт сыйлайды. Алғысымыз шексіз!

Бүгінгі күн – Еңбек адамына алғыс айту күні! Қиындықтарды жеңіп, әр күнін адал еңбекпен өткізген барлық жандарға мың алғыс! Үлкен құрметке лайықтысыздар!