Ақсай ауылдық мәдениет үйінде, "Дарынды бала портреті" жобасы аясында "Жарқыра, жас дарын!" атты Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің биылғы түлегі Арман Бекнұрдың шығармашылық есеп беру концерті өтті.
Концерт барысы дарынды домбырашымыздың өмірбаяны жасанды интеллект арқылы видеоролик көрсетілімінен бастау алды.
Мектебіміздің биылғы түлегі Арман Бекнұрдың жетекшісі Айгабылова Нуркенже Досбергеновна дарынды оқушымызды өнерге баулып, биік белестерді бағындыруға еңбек еткен бірден бір маман.
Оқушымыз осы уақытқа дейін аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өнер көрсетіп, алдыңғы қатардан көрініп жүрген жас домбырашыларымыздың бірі.
Кеш барысында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Есенжолова "Дарынды бала портреті" жобасы аясында өткізіліп жатырған кезекті шығармашылық кешке сәттілік тіледі.
Концертте Арман Бекнұр Қ. Сағырбайұлының "Адай" күйін, Қазанғаптың "Өттің дүние" т.с.с күйлерін жиналған қонақтарға шашу етті.
Сондай-ақ, кеште "Has Sak" ансамблі және мектебіміздің домбыра класының оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, ән-күйлерін тарту етті.
Кеш соңында Ақсай ауылдық округінің бас маманы Д. Умирзаковна, Ақсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Ж. Смагулова, Н. Байғанин атындағы мектеп балабақшасының директоры А. Қанашев, сынып жетекшісі және сыныптас достары сөз сөйлеп, бүгінгі кештің жоғары деңгейде өткендігін айтып, кештің ұйымдастырушылары мен қонақтарына алғыстарын білдірді.
Жас домбырашымыздың алдағы өнер жолына сәттілік тілейміз.
Әрқашан биік белестерден көріне беруіне тілекшіміз!