Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Қызылжар жалпы біліп беретін мектебінде "Дарынды бала портреті" жобасы аясында "Өнердің жас Жұлдызы" атты Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің биылғы түлегі Ладиева Жұлдызайдың шығармашылық есеп беру концерті өтті.
Концертіміздің сахнасы "Адай" күйімен ашылып , Ладиева Жұлдызайдың өмірбаяны жасанды интеллект арқылы видео роликпен көрсетілді.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" демекші Тәжібай Ердаулет Нұрмұқанұлы дарынды шәкірті Ладиева Жұлдызайды өнерге баулып, сондай ақ "Жас өрен" ансамбліне жетекшілік етіп биік белестерді бағындыруға еңбек етіп келе жатқан ұстаз.
Осы кезге дейін шәкіртіміз аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өнер көрсетіп, алдыңғы қатардан көрініп жүрген дарынды оқушыларымыздың бірі.
Кеш барысында Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің директоры С.С. Жетенов "Дарынды бала портреті" жобасы аясында өткізіліп жатырған кезекті шығармашылық кешке сәттілік тіледі.
Шығармашылық концертте Ладиева Жұлдызай Д.Нұрпейсованың "Той бастар" ,Қ.Сағырбайұлының "Қызыл қайың серпер" Н.Тілендиевтің "Ата толғауы" т.с.с күйлерін қонақтарға шашу етті. Сондай ақ "Жас өрен" ансамблі және мектебіміздің оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.