Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

01.04 күні Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
– III тоқсанның академиялық концерт мониторингінің нәтижелері;
– 5-сынып оқушыларының дайындығы және мемлекеттік емтихан бағдарламасы;
Тәрбие тақырыбы: "Шығармашылық - тұлға дамуының негізі"
– Мектеп бітірушілерді мемлекеттік емтиханға жіберу мәселелері;
– «Таза Қазақстан» екі айлық акциясы аясындағы кешенді тақырыптар қарастырылып, нақты тапсырмалар жүктелді.
Отырыс барысында «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі» тақырыбы негізінде бекітілген экологиялық челленджі кешенді жоспарына сәйкес сенбілік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға белсенді қатысқан қызметкерлер мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталды.