«Үздік қосымша білім беру педагогі -2025»
Ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні Темір аудандық оқушылар үйінде Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтері арасындағы аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогі-2025» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Қосымша білім беру педагогтарының аудандық байқауы қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етуші педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін, беделін арттыру.
Талантты педагогтарды анықтап, оларға қолдау көрсету және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау, қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал жасау, ынталандыру.
Байқауда қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынасты:
1-кезең: Таныстыру бөлімі. (Мұғалімнің өз шеберлігін, өнерін жасанды интеллектпен байланыстыра отырып, таныстыру, 2-3мин);
2-кезең: «Ұстаз еңбегі-шәкірттің жемісінде» презентация қорғау. (5-7 мин аспауы тиіс)
3-кезең: «Менің сабағымның өткізілу барысындағы кәсіби шеберлігім» шеберлік сабақ көрсету.
(Теориялық және практикалық бөлімді қоса отырып, өз пәні бойынша 5-7минуттан аспайтын шеберлік сабақ көрсету).
Нәтижесінде:
Жүлделі 1 орынмен мектебіміздің 25 жыл өтілі бар домбыра класының мұғалімі (педагог-сарапшы) айгабылова нуркенже досбергеновна марапатталды.