Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде барлық ұстаздардың қатысуымен “Шеберлік шыңы – шабытты еңбекте!” фестиваль байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
Педагогтердің өзіндік тәжірибелерін зерттеу және кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштерін жаңарту, мектептегі мамандық кластарының репертуарын жаңарту, әдістемелік даярлығын жетілдіру, мұғалімнің жан-жақты дамуымен шығармашылық әлеуетін айқындау.
Байқаудың өткізілу шарты мен тәртібі:
Байқау аспаптық, вокалдық, хореография және дәстүрлі орындаушылық жанрда өткізіледі.
Байқауға қатысушылар оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес оқушыға лайықталып алынған, қазіргі заман композиторларының туындыларын орындауы қажет.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
І кезең Қаңтар айында
ІІ кезең Наурыз айында 
ІІІ кезең Сәуір айында өтеді
І кезең 
Домбыра аспабы: Төкпе күй
Баян,фортепиано 1 шығарма немесе пьеса
Қобыз аспабы: 1 күй немесе шығарма
Вокал 1 конкурстық ән
Дәстүрлі ән 1 халық әні
Хореография 1 ұлттық би 
ІІ кезең
Домбыра аспабы: Шертпе күй
Баян,фортепиано: 1виртуозды шығарма
Қобыз аспабы: 1концерттік шығарма
Вокал: 1 Халық әні
Дәстүрлі ән: 1 терме 
Хореография: 1 классикалық би
ІІІ кезең
Байқауға қатысқан әр педагог осы шығармаларды оқушысымен орындайды.
Байқау талаптары: 
Шығарма немесе күй 3-5 минуттан аспауы қажет,шығарманың күрделілігі, киім үлгісі, сахна мәдениеті, орындау шеберлігі, әртістік қабілеті сақталуы қажет. 

l кезең өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздарымызға шығармашылық шабытпен алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!