Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде 5-сынып мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік емтиханы өтті.
Бес жыл бойы алған білімдері мен шығармашылық ізденістерін қорытындылаған жас өнерпаздар емтиханда өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Емтиханға ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазанғап өнер мектебі домбыра класының мұғалімі Мустафин Төребек Жаншаұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, оқушылардың өнеріне әділ бағасын берді.
Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында мектеп директоры С.С. Жетенов, оқу ісінің меңгерушісі Ж.О. Ихласова және вокал класының мұғалімі Г.К. Бекмағамбетова болды.
Мемлекеттік емтиханда домбыра, қобыз, баян, терме және вокал класының оқушылары өнер көрсетіп, таңдаулы шығармаларды орындады.
Емтихан соңында Мустафин Төребек Жаншаұлы жас түлектерге ақ жол тілеп, алдағы шығармашылық жолдарына сәттілік білдірді.
Өнерге қанат қаққан жас түлектерімізге жарқын болашақ пен толағай табыс тілейміз!