«Қауіпсіздік сабағы»
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде оқушыларға қауіпсіздік шараларына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі сабақта:
мектептегі қауіпсіздік ережелері;
электр құралдарымен дұрыс жұмыс жасау;
өрт қауіпсіздігі;
жолда жүру ережелері;
төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер секілді түрлі бағыттағы ережелер түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушылар «Қауіпсіз Отан» тақырыбында сурет салып, өз ойларын баяндап, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін ескерді.
Қауіпсіздік ережесін білу – өзіңді және өзгелерді қорғау!
Қауіпсіздік — әр баланың басты қорғаны!