Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде вокал класының жетекшісі А. Қойшығалиеваның «Қарлығаш» әнінің характерімен жұмыс тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – ән орындау барысында дұрыс дикция мен артикуляцияны қалыптастыру, шығарманың мазмұнын терең түсініп, көркем жеткізе білу. Сабақ барысында 1-сынып оқушысы Ж. Жолжан Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнінің шығу тарихымен таныстырып, туындыны жан-жақты талдады. Әнді орындау кезінде актерлік шеберлікті ұштастыра отырып, түрлі эмоциямен әсерлі жеткізе білді. Ашық сабақ соңында ұстаздар тәжірибе алмасып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.