Мектебіміздің “Жарқыра, жарық жұлдыздар!” атты жылдық есеп беру концерті өтті.
Мерекелік іс-шара аудан әкімінің орынбасары Нұралы Қайрат Мысырұлының құттықтау сөзімен ашылды.
Шара барысында мектебіміздің домбыра, баян, қобыз, вокал, терме, хореография класының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі С.Шабикова ардагер ұстаз Набира Қожабайқызын және мектебіміздің белсенді ұстаздарын Темір аудандық білім бөлімінің басшысы С.М.Карабалинаның алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар, аудан тарихында тұңғыш рет өнерлі балаларға арналған сыйақы табысталды. Атап айтқанда жеке кәсіпкер Д.Тлегенов мектебіміздің ең үздік 30 оқушысына ардагер ұстаз Н.Ешімқұлова атындағы сыйақы сертификаттарын табыстады.
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов саз мектебінің ұрпақ тәрбиесіндегі елеулі үлесін атап өтіп, темірлік азаматтың игі бастамасына ризашылығын білдіріп, өнерлі балаларды қолдау бағытындағы өнегелі ісі үшін аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.