Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, академик, композитор- Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына арналған "Жұбанов көктемі" атты мектепішілік байқау өтті.
Байқауда мектеп директоры С. Жетенов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, оқушылар жас ерекшеліктері бойынша бөлініп, қатысушыларға қатысты талаптар қойылды.
Байқауда мектебіміздің өнерлі оқушылары вокал, домбыра, баян класы бағытында өз өнерлерін көрсетті.
Байқау соңында қазылар алқасы өнер көрсеткен жан- жақты, дарынды оқушыларды марапаттап, алдағы уақытта да жеңіс тұғыранан көрінулеріне тілек білдірді.