Темір аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен, мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, ауданымызда кең көлемді "Темір ханымы-2026" байқауы өтті.
Байқауға аудандық білім беру ұйымына қарасты мекемелерден 9 педагог қатысып, бақ сынады.
Аталмыш байқауға Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің вокал класының жетекшісі Қойшығалиева Алина қатысып, бас жүлде иегері атанып, Грузия еліне жолдама алды.
Мектебіміздің үмітін ақтап, абыройын асқақтатып, қаншама қатысушының арасынан топ жарып, алдыңғы орынды алу біз үшін үлкен мәртебе!
Алдағы уақытта да топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне беруіңізге тілекшіміз!