“ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАҢА ЖЫЛ”
Бүгін мектебімізде “Таңғажайып жаңа жыл” атты мерекелік шара өтті. Жаңа жылдық мереке мектеп директоры Сұңғат Сәлімгерейұлының жылы лебізімен басталды. Талантты оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді.
Мереке барысында балаларға арнайы қойылым қойылып, ескі жылды қошеметпен шығарып салып, жаңа жылды құрметпен қарсы алдық.
Жаңа жыл - жаңа қуаныштың, жаңа бақыттың бастауы. 2026 жыл баршамызға сәттілігімен, мол бақытымен, есте қалар оқиғаларымен келсін!
Құрметті ата-аналар! Жаңа жыл отбасыларыңыз үшін сәтті жыл болсын. Балаларыңыздың алар асуы көп, бағындырар белестері биік болсын!
Құрметті оқушылар! Биылғы оқу жылында жетістіктеріңіз көп болсын. Сабақтарыңызды жақсы оқып, ұстаздар мен ата-аналарыңызды қуантып жүре беріңіздер!
Жаңа жыл құтты болсын!