Абай хакімнің «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деген сөзі әрбір жүрекке жақын. Өйткені ұстаз - адам өмірінің шамшырағы, ақыл-ойдың жетекшісі, арманға жетелейтін адал жан. Ұстаз - білім ғана бермейді. Ұстаз шәкіртке сенім сыйлайды, өмірге деген құштарлықты оятады, адам болудың жолын үйретеді. Әрбір шәкірт жүрегінде ұстазының мейірімі, сабағының мәні, айтқан әрбір ақылы мәңгі сақталады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген. Шын мәнінде, әр мектептің абыройы мен беделі ұстазымен өлшенеді. Ұстаздар - елдің ертеңін қалыптастырушы, ұлттың ұлы болашағын жасаушы. Барша ұстаздарға мың алғыс! Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі өздеріңізге қуаныш болып оралсын! Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті, мерейлеріңіз үстем болғай! Шұбарқұдық балалар музыка мектебі