САХНАДАН СӘЛЕМ
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде, "Сахнадан сәлем!"атты Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің шығармашылық есептік концерті өтті.
Концерттің басты мақсаты- музыка мектебінің бір жыл бойы еңбегі мен шығармашылық жетістіктерінің қорытындысын ата- аналарға көрсету және оқушыларымыздың өнерін одан әрі шыңдау.
Концертке мектебіміздің еңбек еткен ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата- аналары қатысты.
Концерт барысы "Би" күйімен басталып, Қазанғаптың "Шынаяқ", Тоғжан Жахиннің "Дала рухы", Құрманғазы Сағырбайұлының "Адай" т.с.с күйлерімен жалғасын тапты.
Әні мен күйі, биі мен өнері ұштас болған мектебіміздің дарынды оқушыларының бүгінгі шығармашылық концертте көрсеткен өнерлері жоғары деңгейде болды.
Өнер мен шабытқа толы есептік кеш сәтті аяқталды. Сахнада жарқыраған барлық қатысушыларға, қолдау білдірген көрермендерге алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да жетістіктеріміз артып, шығармашылық белестеріміз шыңдала берсін!