Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Темір аудандық білім бөлімі, Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Музыка – мейірім үні» атты шығармашылық, қайырымдылық концерт жоғары деңгейде өтті.

 Өнер мен ізгілікті ұштастырған бұл тағылымды кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту, қайырымдылық құндылықтарын насихаттау және музыка арқылы жүректерге жылу сыйлау болды. Концерт барысында музыка мектебінің ұстаздары мен дарынды оқушылары түрлі жанрдағы шығармаларды орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

 Іс-шараға ата-аналар белсенді қатысып, балалардың шығармашылық жолына жанашырлық танытып, ортақ іске үлес қосты. Бұл – білім мен мәдениеттің, өнер мен тәрбиенің өзара үйлесімін айқындаған жарқын көрініс болды.

 Концерттің мазмұнды әрі сапалы өтуіне атсалысқан Темір аудандық білім бөліміне, іс-шараның аудандық мәдениет үйінде өтуіне жағдай жасап, ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосқан Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымына, мектеп қамқоршылық кеңесі мүшелеріне, сондай-ақ белсенділік танытқан ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 Өнер – тәрбиенің бастауы, мейірім – адамгершіліктің негізі.