Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Бүгін мектебімізде “Қош келдің, жас талант!” атты 1 сынып оқушыларын қабылдау кеші өтті.

Музыка мектебі - жас таланттарымызға тек білім беріп ғана қоймай, таңдаған мамандықтарына, киелі сахнаға, өнер мен ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауды үйрететін киелі орда. Осы ордадан білім алып, шығармашылықтарын шыңдап, нағыз өнер майталманы болып қаншама түлектеріміз түлеп ұшты. Бүгін сол қатарға 1 сынып бүлдіршіндері де қосылды.

Мерекелік кеште 1 сынып оқушылары өнер көрсетіп, ата-аналарының қошеметіне бөленді. Кеш соңында мектеп директоры С.С.Жетенов және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары И.Ж.Омаровна оқушыларға өз тілектерін айтып “Жас музыкант” төс белгісін тақты.
Шығармашылықтарыңыз шарықтап, үлкен сахналарда өнер көрсетіп, нағыз өнер адамы болуларыңызға тілектеспіз біздің талантты бүлдіршіндеріміз!