Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылы 12 маусым №699 қаулысында шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын деген болатын. Осыған орай ауданымызда Ұлттық домбыра күніне Темір аудандық мәдениет үйімен музыка мектебі бірлесе отырып, «Күмбірле әсем домбыра» атты мерекелік концертін өткізді.