Домбыра – ұлттың жүрегі, халықтың мәңгілік мұрасы!
Ұлттық домбыра күніне орай мектебіміздің түлегі Базарбай Жансая Жансерікқызы, Садуақас Балмағамбетовтің «Жасай бер өмір, жасай бер!» күйін орындап ұлттық өнердің асыл мұрасын паш етті.
Күй – халқымыздың тарихын, тағдырын, рухын жеткізетін киелі өнер. Домбыраның қоңыр үні арқылы ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жас ұрпақтың бойына елге, өнерге деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптасады.
Жансаяға шығармашылық шабыт, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Қасиетті қара домбыраның үні ешқашан үзілмей, мәңгілік жасай берсін!
Домбыра – елдігіміздің үні, ұрпаққа аманат асыл қазына!
Домбыра күні құтты болсын!