Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шұбарқұдық балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында "Амал келді, Жыл келді" атты тағылымы мол мәдени іс - шара өтті.

Іс - шараның басты мақсаты - ұрпақ санасына қазақ халқының бай салт-дәстүрін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата - баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Халқымыздың өмір жолын бейнелейтін бірқатар дәстүрлі көріністер сәбидің дүниеге келу сәтінен бастау алып азамат болып жетілуімен сахналанды.

"Сүйінші", "Шілдехана", "Бесікке салу", "Тұсау кесу", "Ұрын бару" секілді ұлттық салт - дәстүрлер көрініс тауып, оқушылар мен ұстаздардың орындауындағы бесік жыры, халық әндері, күй және ұлттық ойындармен жалғасын тапты. Сондай - ақ қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мерекелік іс - шараға Темір аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, білім бөлімінің басшысы Иманғалиев Болатбек Әлдімырзаұлы қатысып барша жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеген тағылымды шара көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұрпақ сабақтастығының маңызын тағы бір мәрте айқындады.