АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ — АДАЛ ЕҢБЕК ИЕЛЕРІНЕ!
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде Темір аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Алғыс пен құрмет – адал еңбек иелеріне” атты мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің барлық кіші қызметкерлері құрметке бөленіп, еңбектері лайықты түрде бағаланды.
2025 — Еңбек адамы жылы аясында ұйымдастырылған бұл шара — қарапайым еңбек иелеріне деген қоғамның алғысы мен құрметінің айғағы.
Олардың еңбегі — балалардың қауіпсіздігіне, жайлы орта қалыптастыруға, сапалы білім мен тәрбие беру ісіне қосылған қомақты үлес.