25 - қазан Республика күніне орай мектебімізде "Қыран елім - Қазақстан" атты мерекелік концерт өтті. Концерттің мақсаты: оқушылардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық рухтарын оятып, елімізге адал азамат болуға тәрбиелеу.
Бұл мереке - тәуелсіз еліміздің нышаны!
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып келеді.
Республика күні баршамызға құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ашық аспан астында тату - тәтті, көк байрағымыз қалықтап, әсем әніміз шарықтап, бейбіт күнде өмір сүрейік!