18-Наурыз «ҰЛТТЫҚ КИІМ» күні
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Наурыз мейрамын тойлауға бағытталған, Наурызнаманың онкүндігіне ұлттық киімдерді танымал ету және сәнді киімдер көрсетілімі бойынша ағымдағы жылдың 18 наурыз күні “ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ” тақырыптық челленджіне байланысты мектебіміздің мұғалімдері дефилье көрсетті.
18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.