Жазғы демалыс – жарқын естеліктер мекені!
Жазғы демалыс алаңында оқушыларымыз үшін қызықты да көңілді күндер өтті. Балалар бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі ойындар мен шығармашылық шараларға қатысып, достарымен бірге тамаша сәттерді бастан өткерді.
Әр күн – жаңа әсер, әр сәт – әдемі естелік!
Жазғы алаңда өткен көңілді күндер балалардың жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлады.
Жазғы демалысымыз көңілді әрі мазмұнды өтті!
Ал енді жаңа оқу жылына жаңа күш, жаңа мақсат, жаңа жетістіктермен қадам басамыз!
Құрметті оқушылар, жаңа оқу жылында сіздерді асыға күтеміз!
Білім мен өнерге толы жаңа оқу жылымыз сәтті болсын!