1 Маусым- Балаларды қорғау күні
Бұл күн әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, қуаныш пен қамқорлық, жылулық пен махаббат сыйлайтын ерекше күн.
Мектебімізде "Бақытты балалық шақ" жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік кеште мектебіміздің директоры С.С.Жетенов балаларды бүгінгі мейрамымен құттықтап, басталғалы отырған жазғы лагерьде жақсы демалып, әр күннің пайдалы әрі қызықты өтуіне тілек білдірді.
Мерекенің бастауы "Түрлі- түсті арман" балалардың асфальтта сурет салуымен басталып, қызыққа толы ойынмен, әсем сазды әнмен жалғасты.
Бүлдіршіндерге арналған көңілді кешіміз түрлі эмоцияларға толы болды.